top of page
Снимок экрана 2024-09-12 в 15.52.51.png
Снимок экрана 2024-09-16 в 13.01_edited.jpg
Снимок экрана 2024-09-12 в 18.02.13.png

Өз оқиғаңызбен бөлісіңіз немесе жасырын кеңес алыңыз
(құпиялық міндетті түрде сақталады) 

Виктимблэйминг - зорлық-зомбылық құрбанына (физикалық, эмоционалдық, жыныстық) болған оқиға үшін жауапкершілікті ауыстыруды білдіретін термин. "Өзі кінәлі", "арандатудың қажеті жоқ", "сіз не ойладыңыз" - мұндай тіркестер зардап шеккен адамды ұятқа қалдырады және онымен болған оқиға үшін кінәлі етеді.  
Виктимблэймингке жол бермеңіз! 

Снимок экрана 2024-09-12 в 16.35.05.png

Қалай қарсы тұрамыз

Ізіне түсу және вербалды харассмент

Егер сіздің ізіңізге бейтаныс адам түскендігін байқасаңыз дереу жан-жағыңыздан еш ойланбастан көмек сұраңыз, сонымен қатар ешқандай жабық ғимараттарға немесе үй дәлізіне қарай бет алмаңыз. Ата-анаңызға немесе сізді қорғай алатын ересек адамдар болса хабарласып алдыңыздан шығуды өтініңіз. Сізді күтіп алатын адамның реті болмай жатырған жағдайда жедел қызмет 111 орталығына қоңырау шалыңыз. Өзіңізден ересек ер адамдардан сексуалды әрекеттерге меңзейтін сөздер немесе дене бітіміңізге байланысты оғаш әңгімелер, сізге қолайсыздық тудыратын сөздер естейтін болсаңыз біріншіден бұл адамнан өз бойыңызды алшақ ұстаңыз, дөрекі сөздер айтып ескертпе жасаудың қажеті жоқ. Одан әрі іс-әрекетіңіз қамқоршыңызға хабар беру, мектеп психолгына кеңеске бару. Себебі айтылған сөздер сіздің жадыңызда қалып түрлі ойлар тудырып, психологиялық денсаулығыңызға әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл жыныстық қудалауға ұласуы мүмкін, сондықтан бей жай қалдыруға болмайды, міндетті түрде жоғарыда айтылғандай қамқоршыңызға хабар беріңіз.

Газлайтинг

Әдетте қудалаушы сіздің оғаш әрекетіңізді көріп оны ата-анаңыз немесе достарыңызға айтатындығы туралы бопсалайды және жақындарыңызға зиян келтіретіндігі туралы айтып эмоционалдық қысым көрсетеді. Сізді тығырыққа тіреп бопсалау мақсатында өзінің діттеген мақсатына жетпекші, ал сіздің осал тұсыңыз оған жол ашады. Сондықтан бопсалау әрекетіне қарай өз қамқоршыңызға мәлімдеуіңіз қажет, өзіңіздің қателігіңізді де мойындаудан қорықпаңыз. Уақыт маңызды, уақытты өткізіп алмауға тырысыңыз!

Кибер харассмент және  сталкинг

Әрқашан ұнату батырмасын басардың алдында немесе репост жасарда ойлаңыз және талдаңыз! Егер қудалау бір рет болған болса, күдікті аккаунтты бұғаттаңыз, оған әлеуметтік желілерде шағымданыңыз, бұл туралы сенетін ересектердің біріне хабарлаңыз. Егер онлайн-қудалау жалғаса берсе, ересек адаммен бірге жарияланым мәтінін ойластырыңыз және әлеуметтік желілердегі парақшада сізге қатысты заңсыз әрекеттер жүргізіліп жатқанын ашық хабарлаңыз. Сіздің жеке шекараңызды бұзғаныңызды дәлелдеу үшін, ал кейбір жағдайларда қылмыскерді жазалау үшін оның барлық хабарламаларының скриншоттарын жасаңыз. Жиі қайталанатын қоңыраулар, ретсіз хабарламалар сонымен қатар шамадан тыс сіздің өміріңізге деген сүйіспеншілік танытылса бұл жеке шекараға қол сұғылып жатыр. Сіз туралы ақпарат беретін әлеуметтік желілерді бұғаттаңыз, өзіңіздің дәл қазіргі сәттегі отырған орныңызды белгілейтін хабарламалар жарияламаңыз. Әдетте қудалаушы сіз туралы ақпаратты желіден алып сөзді бопсалауы мүмкін. Қылмыстық хронологияны сақтау мақсатында немесе үлкендерге дәлел ретінде сіз хабарламалармен қоңыраулар ретін сақтаңыз. Есіңізде болсын сізді мазалайтын, қолайсыздық тудыратын әрекеттерді өз қамқоршыларыңызға еш бүкпесіз айтыңыз!

Есте сақтаңыз және біле жүріңіз

Қудалау қалыпты жағдай емес, әзіл емес, қарым-қатынас немесе достық тәсілі емес. Егер сізде қорқыныш, ыңғайсыздық болса, оны тоқтатыңыз, бұл туралы сенетіндерге айтыңыз. Сізге көмектеседі. Сіз өз өміріңіздегі маңызды адамсыз, ешқандай адамның сіздің шекараңызға өтуге және психикалық денсаулығыңызға әсер етуге жол бермеңіз!

Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қаржыландыру негізінде жүзеге асырылатын жоба.

Call 

8(708) 754-41-94

Email 

Follow

  • Телеграмма
  • Facebook
  • Instagram
bottom of page